ШұғылӨткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Балқаш маңында болған жол апатынан 8 жолаушы зардап шекті

Зардап шеккендердің бәрі – Қазақстан азаматтары

Қарағанды облысы Балқаш қаласының маңында рейстік автобус аударылған болатын. Салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болған. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен жолаушылардың жағдайын хабарлады.

«13 желтоқсанда жол апатынан 8 адам зардап шекті. Бір адам бас миының шайқалуымен ауруханаға жатқызылды, екеуі тексеруден бас тартты, бесеуі түрлі жарақатпен амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің барлығы - ҚР азаматтары», - деп хабарлады.

Айта кетейік, 13 желтоқсан күні сағат 12.:45-те Ақтоғай ауданында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1918 шақырымында, Гүлшат кентінен 10 шақырым жерде «Мерседес» рейстік автобусы аударылып кетті. Оқиға болған күні «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пункті 6 адамды ауруханаға жеткізген.