$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2020, 09:59
Оқиғалар

«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонынан өрт шықты

Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алды

«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонынан өрт шықты
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

14 желтоқсанда сағат 04:30-да Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының аумағында орналасқан № 464 разъезд ауданында № 109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүру жолында багаж вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына ТЖ департаменті, Апаттар медицинасы орталығы, «ҚазмұнайТеңіз» МӨҚҚ, «ҚТЖ» ҰҚ АҚ 30 адамнан тұратын күштер мен құралдар, 7 техника және 1 өрт пойызы жіберілді.

«Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылды. Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алды. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болды. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Алдын ала анықталғандай, өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болды. Сағат 07:19-да өрт сөндірілді, жүк вагоны толығымен жанып кетті.

Қазіргі уақытта Ішкі істер органдарының күші өртенген вагон қоршалды, сондай-ақ өрттің себептері мен мән-жайларын анықтау үшін Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің зерттеу өрт сөндіру зертханасы жіберілді.

Сағат 09.:18-те жолаушылар вагондары Ақтөбе станциясына жіберілді.

Серіктес жаңалықтары