$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.12.2020, 15:26
Оқиғалар

Екі қорап шоколад ұрлаған тұрғын 10 жылға сотталуы мүмкін

Словакияда бұған дейін бургер ұрлаған қаңғыбас та он бес жылға сотталып кеткен болатын

Екі қорап шоколад ұрлаған тұрғын 10 жылға сотталуы мүмкін
© CC0 / Сongerdesign

Супермаркеттен екі қорап шоколад ұрлады деп айыпталған словакиялық тұрғынды прокуратура он жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

«Мұндай ауыр айыптың тағылуына оның пандемияға байланысты елде төтенше жағдай режимі енгізілген уақытта ұрлық жасағаны себеп болып отыр. Айта кетерлігі, ұрланған конфеттердің құны бірнеше еуро ғана болғанымен, куәгерлердің айтуынша, ер адам ұрлықты ешкімнен қымсынбастан жасаған және оқиға орнынан қашып кетуге де асықпаған», - деп жазады агенттік Markiza TV хабарламасына сілтеме жасап. 

Айыпталушы ер адамның туыстары Словакия президенті Зузана Чапутоваға үндеу жасап, ел билігінің сот процесіне араласуын өтінді. Алайда заң бойынша ел президенті тек үкім шыққан соң ғана қылмыскердің жеке өтініші бойынша оған аяушылық таныта алады.   

Айта кетерлігі, Словакияда сондай-ақ, екі еуро тұратын бургер ұрлағаны үшін көше кезіп жүрген қаңғыбас адам да он бес жылға сотталып кеткен болатын. 

Серіктес жаңалықтары