$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2020, 13:58
Оқиғалар

Түркістан облысында бір күн бұрын жоғалып кеткен балалар аман-есен табылды

Ағайынды екі бала қыстаудан 10 шақырым жердегі шұңқырдан табылды

Түркістан облысында бір күн бұрын жоғалып кеткен балалар аман-есен табылды

Түркістан облысының полицейлері қыстаудан жоғалып кеткен екі балақайды аман-есен тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір күн бұрын бір отбасының екі баласы із-түзсіз жоғалып кетіп, Түркістан облысының жұртын дүрліктірген болатын.

Арыс қаласынан 40 шақырым жерде Қожатоғай ауылдық округінің маңында орналасқан «Қарағайлы» қыстауынан 11 желтоқсан күні сағат 15:00 шамасында 8 жастағы Жұманиязов Ақжігіт пен 5 жастағы Жұманиязов Нұржігіт есімді қос балақай жоғалып кеткен. Бұл туралы олардың анасы жергілікті тұрғын Арыс аудандық полиция бөліміне арызданған.

Арыз бірден тіркеуге алынып, ауа райы жағдайы мен қос балақайдың жас шамасы ескеріліп, оларды тез арада табу үшін Түркістан облысы Полиция департаментінен тәжірибелі полицейлер, яғни криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аттанған болатын. Оған қоса жан-жаққа балалардың айрықша белгілері бойынша хабарламалар таратылды. Әскерилер мен еріктілер де жұмылдырылды.

«Іздеу тобы аймақтың әрбір түкпірі мен шұңқырына дейін жаяу жүріп тінтіп шықты. Қажетті деген шаралардың бәрін атқарды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде, бір тәуліктен соң, бүгін екі бала да дін аман табылды. Қарындары ашып, суыққа тоңып жаурап қалған балаларды Арыс АПБ ювеналды полиция инспекторлары қора-жайдан 10 шақырым жердегі шұңқырдан тапты», - делінген хабарламада.

Ойнап жүріп үйлерінен шыққан бағыттан адасып кеткен балаларға ыстық тамақ беріліп, қажетті көмек көрсетіліп, қазіргі уақытта ата-анасына аман-есен табысталды.

Серіктес жаңалықтары