10.12.2020, 23:18
Оқиғалар
Түркістан облысында көпбалалы әке үлкен қызын зорлап келген
Ол 20 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысында өз қызын зорлап келген көпбалалы әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Осы жылдың басында Арыс қаласының тұрғыны полицияға арыз беріп, күйеуі өзінің үлкен қызын зорлап жүргенін айтқан. Ол қызының телефонынан күйеуінің жіберген хабарламаларын тауып алған. Оның жіберген мәтіндерінің мазмұны күдік тудырған. Ал сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушінің әкесі кінәсін мойындамады», - деп жазылған хабарламада.
Күдікті Ресейде вахталық әдіспен, ал қыздың анасы Арыс қаласында жұмыс істейді. Көпбалалы отбасында бес бала бар. Сот өз қызын зорлаған әкені 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
Бүгін, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды