$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2020, 12:09
Оқиғалар

Бразилияда қауіпті инфекция жұқтырған науқас анықталды

Candida auris алғаш рет 2009 жылы Жапонияда тіркелген

Бразилияда қауіпті инфекция жұқтырған науқас анықталды
Фото: ашық дерек көздерден

Бразилияда Сandida auris қауіпті инфекциясын жұқтырған науқас анықталды. Барлық препараттарға төзімді сирек кездесетін саңырауқұлақ бірден өлімге әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.  

Науқас Баия штатының солтүстік-шығысындағы аурухананың реанимация бөліміне жатқызылған.

Candida auris алғаш рет Жапонияда 2009 жылы тіркелген. Саңырауқұлақ медициналық мекемелерде және пациенттер арасында тез таралуы мүмкін. 

«Бұл жағдайды мұқият зерттеу және оның таралуын болдырмау үшін денсаулық сақтау бойынша жұмыс тобы құрылды»,- деп хабарлады елдің Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ Candida auris ауруы Ұлыбританияда 2013 жылы, АҚШ-та 2016 жылы тіркелді. Ол Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Азия елдерінде де анықталған. 

Айта кетерлігі, Бразилияның Денсаулық сақтау жүйесі биылғы жылы COVID-19 пандемиясына байланысты үлкен қысымға ұшырады. Ел қайтыс болғандар саны бойынша екінші орында (177 317 адам), ал расталған жағдайлар саны бойынша үшінші орында (6,62 млн адам) тұр.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Бразилия