Францияда тікұшақ тауға соғылып, 5 адам қаза тапты
Бортта барлығы 6 адам болған

Францияда тікұшақ тауға соғылып, 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап. Апатқа ұшыраған жолаушыларды іздеуге 40 құтқарушы мен екі тікұшақ жұмылдырылған. Төтенше оқиға Францияның шығысындағы Савойя қаласының маңында болды. 1800 метр биіктікте тауға соғылған тікұшақ бортында екі құтқарушы мен әуе компаниясының төрт қызметкері болған.
«Француздық аэронавигациялық қызметтің тікұшағы шамамен 19: 00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00) құлады. Бортта төрт әскери қызметші мен екі құтқарушы болған. Жағдайды құлаған тікұшақтан шығып үлгерген ұшқыш баяндаған. Борттағы 5 адам қаза тапты», - деп хабарлады департамент префектісі Паскаль Боло.
Департамент өкілі тірі қалған ұшқыштың жағдайын өте ауыр деп хабарлады.