$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 09:53
Оқиғалар

Елорда тұрғыны алимент төлемегені үшін элиталық коттеджінен айырылды

Оның берешегі 3 857 000 теңгені құраған

Елорда тұрғыны алимент төлемегені үшін элиталық коттеджінен айырылды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан тұрғыны алимент төлемегені үшін элиталық коттеджінен айырылды. Бұл туралы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Борышкер мүлкін өз еркімен бергені туралы хабарланған. Жеке сот орындаушысының 2020 жылғы 17 тамыздағы қаулысына сәйкес, оның берешегі 3,857 миллион теңгені құрады.

«Орындау барысында борышкерге ЖСО-ның мүлікті сату арқылы берешек сомасын өндіріп алуға құқығы бар екендігі түсіндірілді. Келіссөздерден кейін ер адам алимент бойынша қарызды өтеу үшін жылжымайтын мүлікті өз еркімен беруге келісті», - делінген Палата хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтаннан алимент төлемейтіндерден Toyota Camry мен жаңа Toyota Prado алынды, ал Қарағанды облысының тұрғыны осындай құқықбұзушылығы үшін бас бостандығын шектеумен жазаланды.

Серіктес жаңалықтары