$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.12.2020, 03:27
Оқиғалар

Өгей шешесінен қорлық көрген жетісайлық қыздар әкесінің қамқорлығына алынды

Кәмелетке толмаған үш қызын 1,5 жыл бойы қорлап келген өгей ананың әрекеті былтыр әшкере болған еді

Өгей шешесінен қорлық көрген жетісайлық қыздар әкесінің қамқорлығына алынды

Өгей шешесінен қорлық көріп келген жетісайлық үш қыз қазір әкесінің жанында. Бұл туралы Жетісай аудандық білім бөлімінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасы.

Кәмелетке толмаған қыздарды әкесі мен әжесі өз қамқорлықтарына алып, Жамбыл облысына көшіп кеткен. Оның себебі, қаршадайынан таяқ жеп өскен қыздарға қоныс ауыстыраған дұрыс болар деген сенім болса керек. Өгей шешесінен көресіні көріп келген жас қыздармен жауаптылар байланысты үзбепті. Жағдайларынан жиі хабар алып тұратындар уайымдауға еш негіз жоқ деп отыр.

«Қазіргі таңда анасының нақты жаза мерзімі тағайындалып, жазасын өтеп жатқанына байланысты кіші баласы оның өзімен бірге. Ал одан үлкен үш қыз мектепте оқуын жалғастыруда. Оған дейін коммисия отырысының шешімімен, кәмелетке толмағандар уақытша бейімдеу орталығына орналастырылған болатын. Кейін әкесі Шымкент қаласына келіп, «балаларды өз қамқорлығыма аламын» деген соң біз келісім бердік», - деді Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсын МЫРЗАЛИЕВ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында Жетісайда жаға ұстатарлық жағдай болған болатын. Өгей шешелері кәмелетке толмаған үш қызын бір жарым жыл бойына соққының астына алып келген. Қаршадай қыздардың саусақтарына ине тығып, қит етсе естерінен тандырып есіне келгенді істеген.

Дүйім жұртты дүрліктірген қыздардың денесіндегі жарақаттарды мұғалімдерді кездейсоқ білгеннен соң әшкере болған. Ақыры кішкентайларды азаптап келген 28 жастағы безбүйрек әйел 4 жарым жылға сотталған болатын. Оған жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген.

Серіктес жаңалықтары