Оралда 10 жасар қызды қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Кішкентай қызды қағып кеткен көлік оқиға орнынан бой тасалаған. Қандай автокөлік екені де белгісіз

Оралда 10 жасар қызды қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Оралда 10 жасар қызды көлік қағып мерт етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 қараша күні кешке Әбілқайыр хан даңғылы мен Желаев трассасы аралығындағы Нұр деген шағын көшеде болған.

«Кішкентай қызды қағып кеткен көлік оқиға орнынан бой тасалаған. Қандай автокөлік екені де белгісіз. Қазіргі кезде оны іздестіру жұмыстары жүргізілуде», – дейді Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Болатбек Белгібеков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, «Бәйтерек» шағынауданында болған жол-көлік оқиғасына байланысты жедел жәрдем сағат 20.51-де шақырылған. Бригада 6 минуттан соң жеткен. Алайда, 2009 жылғы қыз бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.