Оралда стоматологияға барған әйел қайтыс болды
Қайғылы оқиға 30 қарашада болған

Оралда стоматологияда жазатайым жағдай болды. 31 жастағы әйел белгісіз заттан күйік алып, ауруханада есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 қарашада "Строитель" шағынауданында орналасқан стоматологияда болған.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Мереке Жұмағалиевтің айтуынша, қалалық көпсалалы ауруханаға белгісіз жағдайда күйік алған әйел жеткізілгенін айтты.
«Оқиға орнына Орал ТЖБ қызметкерлері барды. Стоматология иесі зардап шеккен адам стоматология бөлмесін тазартып жатқан кезде түсініксіз жағдайда, белгісіз заттардан күйік алғанын айтты. Материал облыстық полиция басқармасына тапсырылды», - деді Жұмағалиев.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шегушінің денесінің 80% күйік шалған. Сол күні әйел алған жарақаттарынан есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.