$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2020, 00:51
Оқиғалар

Ақтауда тұрғын үй лифтінен ер адамның мәйіті табылды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

 

Ақтаудағы 28 шағынаудандағы тұрғын үйлердің біріндегі жеделсаты ішінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Lada.kz-ке сілтеме жасап.   

29 қараша күні кешкі сағат 19:09 шамасында полиция басқармасының кезекші бөліміне 28-ші шағынаудандағы үйлердің біріндегі лифтіде ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен. 

«Шақырту түскен мекенжайға полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу жетті. Аталмыш дерек Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 001-бабы (жеке тұлғаның өлімі) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары