Маңғыстау облысында көктайғақтан жүк көлігі аударылып қалды

Облыста бір күнде бірнеше көлік апаты болды

Маңғыстау облысында көктайғақтан жүк көлігі аударылып қалды
Фото: баспасөз қызметінен

Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдарда бірнеше көлік апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғаларының көбі тіркелмеген. Себебі жүргізушілер полицияға немесе медициналық мекемелерге жүгінбеген. Дегенмен, департамент «Ақтау-Жаңаөзен» тас жолында «КамАЗ» маркалы көліктің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай аударылып қалғанын жеткізді. Көлік жүргізушісі полицияға немесе медициналық мекемелерге жүгінбеген», - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ, «Ақтау-Ақшұқыр» тас жолында көктайғақтан Toyota Hilux маркалы автокөлік жолдан шығып кеткен. Көлікті патрульдік полиция батальонының экипажы байқап қалып, көмекке барған. Жүргізуші зардап шекпеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.