23.11.2020, 09:45
Оқиғалар
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 1 жылға сотталды
100 мың теңге қаражат мемлекет пайдасына тәркіленді
Фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматқа 1 жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Бұл туралы Қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, ол 2020 жылдың мамыр айында Шымкент қаласы, Д.Қонаев даңғылында орналасқан пәтерді жалға алып, оның бір бөлмесінде заңсыз «Покер» ойынын ұйымдастырған.
Айғақ зат ретінде алынған 100 000 теңге ақша қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленіп, покер ойынына арналған дилер тасы және 200 дана казино фишкалары жойылды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды