22.11.2020, 22:32
Оқиғалар
Қарағандыда 13 жастағы оқушы 9-қабаттан секіріп қаза тапты
Әзірге қайғылы оқиғаның себебі белгісіз
Фото: ашық дереккөзден
Қарағандыда 13 жастағы жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«22 қарашада Қарағанды қаласының Карбышев көшесінде биіктен құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Жәбірленушінің 9 қабатты үйдің төбесінен секіргені анықталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Әзірге қайғылы оқиғаның себебі белгісіз.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды