22.11.2020, 21:24
Оқиғалар
Павлодар облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
Павлодар-Омск тасжолында екі көлік соқтығысып қалған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«21 қараша күні Павлодар-Омск тасжолында ВАЗ-2107 мен Lada Vesta көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Жарақат салдарынан - ВАЗ 2107 көлігінің 53 жастағы және Lada Vestа көлігінің 40 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар ВАЗ-2107 көлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды