Өрт-техникалық сараптама тағайындалды
Елордадағы дәмханада болған газ баллоны жарылысына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу амалдары полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, кеше елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта елорда ауруханаларында 23 адам ем алып жатыр.