22.11.2020, 11:52
Оқиғалар
Нұр-Сұлтандағы жарылыстан зардап шеккен 23 адам ауруханада жатыр
11 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді
Фото: баспасөз қызметінен
Елордадағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен 23 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Барлығы 35 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық стационарларға жеткізілді. Медицина мамандарының тексеруінен кейін 23 адам ауруханаға жатқызылып, жеңіл-желпі жарақат алған 11 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, түрлі деңгейде күйік шалып, орташа деңгейде газға уланып қалған пациенттер №1 және 2 қалалық көпбейінді ауруханаға, ал жарақат алып, миы шайқалған науқастар қалалық ауруханалардың бейінді бөлімшелеріне жатқызылған.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды