$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2020, 14:16
Оқиғалар

Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмаған екі қызды зорлаған педофил 26 жылға сотталды

Сотталушы жазасының алғашқы бес жылын толық қауіпсіз мекемеде өтейді

Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмаған екі қызды зорлаған педофил 26 жылға сотталды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылған педофилге қатысты үкім шығарды. Сондай-ақ қылмысты біле тұра полицияға хабар бермеген айыпталушының досы (әйел – ред.) мен оның қызы сотталды.

«Литер» басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталған тұрғыны 26 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушының ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау), 124-бабы (жас балаларды азғындық жолға түсіру) және 121-бабы (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша 18 қылмысы дәлелденген.

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 120, 121 және 124-баптары бойынша кінәлі деп танылсын және барлық жүктелген қылмыстың жиынтығы бойынша төтенше қауіпсіз мекемеде жазасын өтей отырып, 26 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сотталушы жазасының алғашқы бес жылын толық қауіпсіз мекемеде өтейді», - деп үкім шығарды судья Қайрат Қасымов.

Серіктес жаңалықтары