$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2020, 15:13
Оқиғалар

Ақтауда жасөспірімдер арасында төбелес болды

Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды

Ақтауда жасөспірімдер арасында төбелес болды
скриншот: видео

Әлеуметтік желіде Ақтауда жасөспірімдер арасында төбелес болғаны жайлы видео тарады.  

Оқиға 15 қарашада Ақтау қаласындағы 12-шағынауданда болған. Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде оқ атылғандай дыбыс шыққан. Ал Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелес кезінде суық қару пайдаланылмағанын хабарлады.

«Оқиға орнына Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері барды. Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды. Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оқ атылмаған. Материал Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданады», - делінген ПД хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл төбелес туралы «102» пультіне хабарлама келмеген. Сондай-ақ медициналық көмек алу жөнінде де Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім хабарласпаған.

Серіктес жаңалықтары