$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2020, 14:13
Оқиғалар

СҚО-да жасөспірім өзін пневматикалық қарумен жарақаттады

Мылтық әкімшілік сот шешіміне дейін тәркіленді 
 

СҚО-да жасөспірім өзін пневматикалық қарумен жарақаттады

Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім өзін пневматикалық қарумен жарақаттады, деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО облыстық балалар ауруханасына табанының оқ жарақатымен 16 жастағы жасөспірім жүгінді. 12 қараша күні Қызылжар ауданының тұрғыны 18 жастағы танысының үйінде болған және пневматикалық мылтықты көрмек болады. Ол мылтықтың оқталып тұрғанын білмей, жазатайым аяғына оқ атып алған.  

Келесі күні фельдшерге жүгініп, облыстық балалар ауруханасына жіберілген. Дәрігерлер аталған факт туралы полицияға хабарлаған. Қазіргі уақытта учаскелік полиция инспекторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабы (Елдiмекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша әкімшілік материал жинауда. Мылтық әкімшілік сот шешіміне дейін тәркіленді. Ювеналдық полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. 

«Жасөспірімнің отбасы жақсы жағынан сипатталады. Болған жағдай аңшылық және спорттық қару иелерін қаруды белгіленген ережелерге сай сақтаулары туралы ескертеді. Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіргені жөн», - деді Қызылжар ауданы ПБ бастығы Әлихан  Байқадамов.

Серіктес жаңалықтары