Грепплингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен 2 полицей тергеуге алынған
Ата-анасы оның қаза тапқанына 3 ай болса да, тергеу баяу жүріп жатқанын айтты

Атырау облысы Дамбы ауылындағы төбелесте қаза болған грэпплингтен әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовтың туыстары тергеу ісі баяу жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
«Баламның қайтыс болғанына 3 ай болса да, тергеу баяу жүріп жатыр. Осы іс бойынша екі адам қамауға алынды. Қылмыс жасаған екі күдікті де су полициясында жұмыс істеген. Сол сәтте олар демалыста болған. Бірі қару әкеліп, екіншісі атқан. Біріншісі полиция қызметкері ретінде тергеліп жатыр, ал екіншісі қылмыс болғанға дейін екі-үш күн бұрын құқыққорғау органдарынан жұмыстан шығарылған деп өтіп жатыр – сонда уақытын өзгертіп шығарған ба?», – дейді Тоқсанбай.
Естеріңізге салсақ, 18 жастағы Есенбек Сиғуатов 9 тамызға қараған түні қала маңындағы төбелес кезінде жүрегіне оқи тиіп қаза тапқан еді.