$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.11.2020, 10:58
Оқиғалар

Алматыдағы сауда орталығында кішкентай қыздарға азғындық жасаған педофил сотталды

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыдағы сауда орталығында кішкентай қыздарға азғындық жасаған педофил сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жастағы қыздарға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасады деп айыпталған адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол Алматыдағы MEGA сауда және ойын-сауық орталығының әжетханасында 2012 жылы туған қыздарға порнаграфиялық сипаттағы видео көрсетпек болған.

«Іс материалдарына сәйкес күдікті қыз балаларға ұялы телефонынан порнографиялық сипаттағы видео көрсеткен. Алдымен сауда үйінің фойесінде көрсеткен. Одан кейін қыздардың артынан әжетханаға ілесіп барып көрсеткен», - деді соттан.

Сот шешімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлімімен (көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары