$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2019, 09:40
Оқиғалар

Қарағанды облысында шахтер қаза тапты

Марқұм шахтада 9 жыл жұмыс істеген

Қарағанды облысында шахтер қаза тапты
Inform.kz

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 1980 жылы туған жұмысшы қаза тапты деп хабарлайды BaigeNews.kz.

Жұмысшы ауысым аяқталғаннан кейін шахтадан жер бетіне шықпаған. Артынша оқиға орнына әскери құтқару қызметінің мамандары жетіп, терең бункердің ішінен марқұмның денесін алып шықты.

Анықталғандай, қайтыс болған жұмысшы – 39 жастағы Юрий Рыбкин екен. Ол шахтада 9 жыл жұмыс істеген.

«Екінші ауысымның жұмысшылары жұмысты түнгі 1:15-те аяқтады. Мұнан кейін оны ешкім көрген жоқ, таңға дейін іздедік. Табылмаған соң көмекке құтқарушылар келді және оның мәйітін алып шықты», - деді шахта жұмысшыларының бірі.

Айта кетейік, «Қазақстан» шахтасы Қарағандыдан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарайды.

Серіктес жаңалықтары