Көкшетауда тұтынушының көлігін ұрлаған ТҚС қызметкері ұсталды
36 жастағы ер адам мас күйде болған
Көкшетауда техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысшысы тұтынушының көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
5 қарашада Көкшетау қалалық полиция басқармасына 40 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Әйелдің айтуынша, түнде белгісіз біреулер оның техникалық қызмет көрсету станциясында тұрған Hyundai Elantra маркалы автокөлігін айдап кеткен.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-тармағына (көлікті заңсыз иелену) сәйкес қылмыстық іс қозғалған.
«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері дереу тергеу шараларын бастады. Көлікті айдап кеткен жөндеуге берілген техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысшысы болып шықты. Жедел топ бірден оны ұстау операциясын бастап кетті. Аздаған уақыттан соң «Әскер-4» экипажы қызметкерлері автокөлікті айдап кеткен адамды Абай көшесінің бойында ұстады.
Жедел топ бірден оны ұстау операциясын бастап кетті» деген сөзінен кейін «Іздестірілген көліктің нөмірі мен белгілері патрульдік полиция батальонының барлық экипаждарына жолданды. Аздаған уақыттан соң «Әскер-4» экипажы қызметкерлері автокөлікті айдап кеткен адамды Абай көшесінің бойында ұстады. Техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат өзінің айыбын толығымен мойнына алды. Оған тұтынушының көлігін заңсыз айдап кеткен деген айып тағылып отыр. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің талаптарына сәйкес күдіктіге қатысты тергеу амалдарын одан әрі жалғастыруда. Барлық шаралар заңға сәйкес қабылданатын болады», - дейді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Бөтеннің көлігін тақымдаған 36 жастағы ер адам ұсталған сәтте мас күйде болған.
Ұрланған көлік иесіне қайтарылып, күдікті азаматқа келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық шара қолданылды.
Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы