09.11.2020, 13:55
Оқиғалар
Елордада 7 жасар қыз әкесінің анасын ұрып-соққанын полицияға хабарлаған
Тәртіп сақшылары жанжал шыққан үйден аңшылық қару тәркіледі
көрнекі фото: weproject.media
Нұр-Сұлтанда 7 жасар қыз әкесінің анасын ұрып-соққаны туралы «102» пультіне хабарлаған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шақыртуға сәйкес оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барып, тексеру барысында 43 жастағы отағасының алкогольдік ішімдік ішіп, отбасылық жанжал тудырып, әйелін ұра бастағаны анықтаған.
Сондай-ақ жанжал шыққан үйден аңшылық қару табылып, оны тәртіп сақшылары тәркілеген. Аталған факт бойынша ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-ші бабы бойынша іс қозғалып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды