Таразда қыз зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Полиция күдіктінің ізін суытпай бірден ұстаған

Жамбыл облысының тәртіп сақшылары «Кәмелетке толмаған қызды зорлау» бабы бойынша тергеу жүргізуде. Полиция күдіктінің ізін суытпай бірден ұстағанын айта кету керек. Жәбірленуші қылмысты жасаған күдіктіні бірден таныды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Зорлау туралы хабарлама жедел жәрдем кезекшісінің пультіне 15 қарашада келіп түскен. Полиция қызметкерлеріне қылмыстың құрбаны кәмелетке толмаған қыз болғаны айтылған.
Жамбыл облысының бас полицейі Арман Оразалиевтің айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 121-баптары бойынша қазір тергеу жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, ізін суытпай ұстады.
Айта кетейік, кәмелет жасқа толмаған қыз күдіктіні бірден таныған. Қазір күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.