Шеруге шығушылар сондай-ақ, күштік құрылым өкілдеріне катапульта арқылы жанармай құйылған шөлмектер лақтырған
Гонконгтағы наразылық акциясына қатысушылар полицияға садақпен оқ атып, офицерлердің бірінің аяғын жаралады.
Шеруге шығушылар сондай-ақ, күштік құрылым өкілдеріне катапульта арқылы жанармай құйылған шөлмек лақтырған, деп жазады Reuters.
Наразылық танытушылардың осындай әрекеттерінен кейін полиция оларға қарсы су зеңбірегі мен көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болған.
Гонконг үкіметіне қарсылық білдіріп жүрген демонстранттар бірқатар көшені қоқыс қалдықтарымен, кірпішпен және өзге де заттармен жауып, бөгет жасауға тырысып баққан. Қытайдың Халықтық азат етуші армиясының сарбаздары көшелерді қоқыстан тазарту үшін көмекке келген. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, қаладағы ахуалды ушықтырмас үшін әскерилер казармадан сирек шығарылады екен.
Ал қаладағы мектептер мен балабақшалар қарсылық әрекеттерінен туындап отырған қауіп-қатерге байланысты уақытша жабық тұр.