$ 510.58  571.8  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.11.2019, 11:25
Оқиғалар

Оралда 17 жастағы жасөспірім биіктен секіріп мерт болды

Жасөспірім мұндай қадамға бармас бұрын хат жазып қалдырыпты

Оралда 17 жастағы жасөспірім биіктен секіріп мерт болды

Оралда 17 жастағы жасөспірім биіктен секіріп мерт болды. Ол мұндай қадамға бармас бұрын хат жазып қалдырыпты, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы жағдай 14 қарашада Әбілхайыр хан даңғылында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім 4-қабаттың терезесінен секіріп кетіпті.

 БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері жасөспірімді қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізген. 

«Өкінішке қарай, жас жігіт алған жарақаттарының салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды», - дейді ведомстводағылар. 

БҚО полиция департаменті аталған ақпаратты растады. Полиция мәліметінше, жасөспірім өлімінің алдында хат жазып қалдырған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары