$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2020, 02:03
Оқиғалар

Жоғалып кеткен мысық мойнына қарыз іліп қайтып келді

Қожайыны мысық әкелген қарыз туралы хатты суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады

 

Жоғалып кеткен мысық мойнына қарыз іліп қайтып келді

Бұл қызық оқиға жақында Тайландта болған. Чанг-Пхуак ауданында тұратын тұрғынның мысығы жоғалып кеткеннен кейін бірнеше күннен соң қарғыбауына ілінген хатпен қайтып оралған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

Хатта мысықтың балық сататын базарға барғаны туралы жазылыпты.

«Мысығыңыздың скумбрия балығына тесіле қарағаны соншалық, оның жалынышты көзіне бей-жай қарап тұру мүмкін болмады. Оны қатты аяғандықтан, үш күн бойы өзі қалаған қымбат балықпен қоректендіріп жүрдім. Егер мысығыңыздың қарызын қайтарғыңыз келсе, хабарласарсыз. Сәлеммен, Мэй апай», - деп жазылған хатта сондай-ақ, дүкен иесінің телефон нөмірі мен мекенжайы көрсетіліпті.

Мысықтың қожайыны хатты суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Ол сүйікті жануарының небәрі үш күнге ғана жоғалғанын, сондықтан арып-ашатындай күйге түсе қоймағанын айта келе, сонша қарызға батырып келгеніне таңданыс білдіреді.

Ал жазба астына пікір білдірген желі қолданушылары «Бәлкім, Мэй апай осындай әдіспен мысықтың үйіне аман жеткенін білгісі келген шығар» десіпті. Желідегілерді әсіресе, қожайынның балықтың ақшасын қайтарған-қайтармағаны қатты қызықтырыпты. Бірақ қожайын ол сұраққа әлі жауап бермеген. 

Серіктес жаңалықтары