04.11.2020, 22:54
Оқиғалар
Шымкентте алып қашудың құрбаны болған бойжеткен терезеден секіріп кеткен
Куәгерлердің айтуынша, 22 жастағы қыз түрлі дене жарақатын алған
Шымкентте өзін алып қашқан жігітке көнбеген бойжеткен екінші қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, 22 жастағы қыз түрлі дене жарақатын алған. Бірақ бұған қатысты дәрігерлер ешқандай ақпарат бермеді.
Ал полиция алып қашу дерегін растамады. Олар жас қыздың абайсызда құлап кеткенін жазбаша хабарлады.
«Хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы ауруханаға жеткенде, бойжеткен Республика даңғылы, 45 үйде тұратын туысқандарында қонақта болып, өз абайсыздығынан терезеден құлап кеткенін, сондай-ақ бұл жайт бойынша ешкімге қояр арыз-шағымы жоқ екенін көрсеткен», - деді Шымкент қаласы Полиция департментінің өкілі А. Төребекқызы.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты