$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2020, 17:08
Оқиғалар

СҚО-да 4,5 тонна Артемия салина шаянын тәркіледі

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

СҚО-да 4,5 тонна Артемия салина шаянын тәркіледі

Тайынша ауданының полицейлері және СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел тексеру барысында «ЗиЛ» жүк көлігін тоқтатқан. Көліктен салмағы 4,5 тонна «artemia salina» шаяны салынған 105 қап анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі  СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізушіде көлікке салынған жүкке қатысты ілеспе құжаттар  болмаған. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды. Шығын сомасы анықталуда. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты жұмыс жүргізуде.

«Артемия салина шаяны - фармакологияда қолданылатын құнды биологиялық ресурс. Ол «қара базарда» сұранысқа ие және қылмыстық әрекеттердің нысанасына айналып отыр. Шаян тәрізді жәндіктері бар көлдер жалға алынады, ұрлау фактілері бұрын да тіркелген. Бұл жағдай жыл басынан бері Тайынша ауданында шаян тәрізділерді тәркілеудің ең ірі көлемі болып отыр», - деді Тайынша аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов. 

Облыста өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Солтүстік Қазақстан облысының табиғи байлықтарын қорғауды да жүзеге асырады. 23 мобильді топ құрылды, аңшылық шаруашылықтарының қорықшыларымен өзара жұмыс жүргізуде. ЖПІШ өткізген кезде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 246 түрлі фактісі, негізінен аң аулау ережелерін бұзу, яғни 208 жағдай анықталды. Заңсыз атылған 5 аңның етін, 8 атыс қаруы алынды. Экологиялық қылмыстар фактісі бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары