Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 62 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

944 адам жарақат алды

Фото: Dow.com

Түркияның Измир қаласында жер сілкінісінен 62 адам қаза тауып, 944 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 218 адам ауруханада жатыр. Тағы 722 адамға медициналық көмек көрсетілді.

29 қазан күні жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі тіркелген. Жер дүмпуі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, бірнеше көшені су басқан. Измирде ондаған тұрғын үйдің қирағаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасап, қазақстандықтар хабарласа алатын телефон нөмірлерін жариялаған еді.