31.10.2020, 11:20
Оқиғалар
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 24 адамға жетті
804 адам зардап шекті
Фото: reuters.com
Түркияда жер сілкінісінен 24 адам қаза тауып, 804 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасынына сілтеме жасап.
6,6 балдық жер сілкінісі 30 қазан күні жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген. Жер дүмпуі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.
Жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, бірнеше көшені су басқан. Измирде ондаған тұрғын үйдің қирағаны хабарланды.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстанның Түркиядағы елшілігі шұғыл мәлімдеме жасап, қазақстандықтар хабарласа алатын телефон нөмірлерін жариялаған еді.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды