30.10.2020, 09:55
Оқиғалар
Ақмола облысында аудандық бөлім басшысы бастаған бір топ адам ұсталды
Олар 700 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
фото: Батыржан Беспаев
Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлім басшылары 700 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында лауазымды тұлғалардың бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.
«Қосалқы станция салу барысында 700 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу кезінде Ақмола облысы әкімдігінің аудандық бөлімінің басшысы бастаған бір топ адам ұсталды», - дейді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды