25.10.2020, 05:31
Оқиғалар
Ресейде қазақтар мен күрдтер арасында қақтығыс болды
Оқиға орнына 150-ге жуық адам жиналған
Ресейдің Саратов облысында қазақтар мен күрдтер арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде диаспоралар тас пен таяқ алып, жаппай төбелеске шыққан, хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Baza Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар жолдың екі жағынан бір-біріне әртүрлі заттар лақтыра бастаған. Ортада полиция қызметкерлері тұрып, жаппай төбелесті тоқтатқан», - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаға екі жақтан 150-ге жуық адам қатысқан.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
