24.10.2020, 23:56
Оқиғалар
Алматыда дәмханадан өрт шығып, 8 адам құтқарылды
Тағы 20 адам эвакуацияланды
Фото: баспасөз қызметінен
Алматыда Сейфуллин даңғылында орналасқан дәмханадан өрт шығып, 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«24 қазан күні «Қазына» дәмханасынан өрт шықты. Оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері өрттің жылдам күшейіп жатқанын анықтады. Өрттен 8 адам құтқарылып, 20 адам эвакуацияланды», - деп жазылған хабарламада.
Алматы ТЖД адамдар көп жиналатын объектілерде өрттің алғашқы белгілері кезінде (күйіктің иісі, түтін, дабылдың іске қосылуы) тез арада нұсқағыштарға қарап эвакуациялық шығу жолдарын тауып, ғимараттан шығу керек екенін ескертеді. Олардың айтуынша, өрттің алғашқы минуттарында түтін үлкен қауіп төндіреді және адам 2-3 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды