24.10.2020, 21:57
Оқиғалар
Қостанай облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысында «Рудный-Қашар» автожолында екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«MAN» автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі жол жиегінен шыққан кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, «Ravon Nexia» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан «Ravon» автокөлінінің 30 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында, 23 жастағы жігіт аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.
Тағы екі жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)
17.09.2026, 11:11
«Анасы қайтыс болған күні өмірден өтті»: БҚО-да өрт сөндіріп жүрген қызметкер қаза тапты