24.10.2020, 10:53
Оқиғалар
Шымкентте 13 вагон жолдан шығып кетті
5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұр
Шымкентте 13 вагон жолдан шығып, аударылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Пойызда 21 бос вагон болған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етті. Атап айтқанда, Алматы-Шымкент №11, Алматы-Ақтөбе №23, Ақтөбе-Алматы №34, Қызылорда-Петропавл №76, Қызылорда-Көкшетау №56 бағыттары бойынша 5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұр», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды