$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2020, 03:12
Оқиғалар

Павлодарда 12 жастағы қыз бала терезеден құлап көз жұмды

Жасөспірім жетінші қабаттан құлап кеткен

Павлодарда 12 жастағы қыз бала терезеден құлап көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда терезеден құлап кеткен 12 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 6 қазан күні сағат 13:06-да Шөкин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

«Жетінші қабаттан құлаған 2008 жылы туылған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шегушіге көп жарақат, мидың қатты соғылуы, көптеген сынықтар, іш жарақаты және зақымданудан есеңгіреу диагнозы қойылды. Өкінішке қарай, көрсетілген медициналық көмектен кейін дәрігерлер науқасты құтқара алмады», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін болған оқиғаның егжей-тегжейі хабарланбайды.

Серіктес жаңалықтары