$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2020, 01:28
Оқиғалар

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

1991 жылы туған ер адам оқиға орнында мерт болды

Алматыдағы Шығыс айналма автомобиль жолында «Toyota Caldina» және «Mercedes-Benz» автокөліктері соқтығысып, жүргізушілердің бірі оқиға орнында қаза тапты. 

Оқиға 20 қазан күні сағат 15:30 шамасында Шығыс айналма жолында болған.

«Куәгерлер мен Toyota Caldina жүргізушісінің айтуынша, Mercedes Benz оң жақта солтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Сол бағытта, бірақ орта қатарда Toyota Caldina жүріп келе жатқан. Бір сәтте неміс көлігінің жүргізушісі орта жолға қайта бұрыла бастаған, маневр жасау кезінде машина Toyota Caldina-ның алдыңғы бамперіне соқтығысқан», - делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Toyota Caldina көлігіне соғылған соң аударылып кеткен Mercedes Benz жүргізушісі - 1991 жылы туған ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды.

Toyota көлігін басқарған ер адам ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары