$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2020, 22:48
Оқиғалар

Шымкентте әйелді қылқындырып өлтірген күдікті ұсталды

Тексеру барысында марқұм да, күдікті де Түркістан облысының тұрғындары екені анықталды

Шымкентте әйелді қылқындырып өлтірген күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицейлер адам өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын ұстады,  деп хабарлайды Polisia.kz

2020 жылдың 19 қазанында сағат 12:20-да «102» пультіне Шымкент қаласында 18-ші шағынаудандағы пәтерлердің бірінен азиат нәсілдес белгісіз азаматшаның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

«Тексеру барысында аталған азаматшаның Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды. Сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес оның қылқындырудың нәтижесінде қайтыс болғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай, күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Күдікті де Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Серіктес жаңалықтары