$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2020, 17:56
Оқиғалар

ШҚО-дағы күдіктінің өліміне қатысты 3 адам азаптау бойынша іске тартылды

Үржар ауданы полиция бөлімінің екі басшысы ішкі істер органдарынан босатылды

ШҚО-дағы күдіктінің өліміне қатысты 3 адам азаптау бойынша іске тартылды
Скриншот: видео

ШҚО-дағы полиция бөліміндегі күдіктінің өліміне қатысты іс бойынша ішкі істер органдарының үш қызметкері ұсталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев бұл факт бойынша жедел-тергеу тобын құрған. Қазіргі таңда ол Мақаншы ауылында. Сағат Мадиев және Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов қаза болған адамның отбасына барып көңіл айтты, туыстары мен достарының уәждерін тыңдады.

Процессуалды прокурорларымен бірге 33 жастағы ер адамның полиция бөліміндегі өліміне қатысты тергеу жүргізіледі.

«Барлық жағдайлар мұқият тексерілуде. Қажетті сараптамалар, оның ішінде патологоанатомиялық зерттеу жүргізілуде, нәтижелері әлі дайын емес. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатын болады», - деді С.Мәдиев.

Бүгінде Өзіндік қауіпсіздік басқармасына қатысты ішкі қызметтік тергеу жүргізілді. Кінәлі деп танылған үш тұлға тәртіптік комиссияның шешімімен ішкі істер органдарынан жағымсыз себептермен шығарылды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Үржар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар, ШҚО Полиция департаменті бастығының бұйрығымен мемлекеттік қызметке нұқсан келтіргені, «Құқық қорғау қызметі туралы» заң талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ бағынышты қызметкерлердің қызметтік жұмысына және тәртібіне тиісті бақылау жасамағаны үшін Үржар ауданы полиция бөлімінің екі басшысы ішкі істер органдарынан босатылды.

Еске сала кетейік, 19 қазанда ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде күдіктінің қайтыс болғаны хабарланды

Серіктес жаңалықтары