$ 523.46  600.04  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2020, 16:54
Оқиғалар

Жалған дипломмен математика, қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп келген «мұғалімдер» ұсталды

Ақмола облысында жалған дипломмен 12 «мұғалім» жұмыс істеп келген

Жалған дипломмен математика, қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп келген «мұғалімдер» ұсталды
Фото: sputniknews.kz

Ақмола облысының ауылдарында ЖОО бітіргенін куәләндіретін жалған диплом алып, екі жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келген «мұғалімдер» анықталды. Бұл туралы Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жыл басынан бері облыста жалған құжатпен білім ордаларында қызмет атқарған 12 «педагог» ұсталған.

Құжатты заңсыз жолмен жасатқан «педагогтар» математика, қазақ тілі және басқа да пәндерден сабақ беріп келген.

Мәселен, осы жылдың 16 қазанында полиция қызметкерлері Ақмола облысындағы ауылдарының бірінен 31 жастағы әйел адамды ұстады. Оның ауылдағы жалпы білім беретін орта мектепке орналасу үшін аудандық білім бөліміне ЖОО тәмамдағаны туралы жалған құжат ұсынғаны анықталды.

Педагог маманға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы (жалған құжаттарды, мөрлерді, бланктерді, пошталық төлемнің мемлекеттік таңбалары мен мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау және шығару) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалған құжатпен ұсталған «мұғалім» кінәсін толығымен мойындап, құжаттардың қолдан жасалғанын білгенін мәлімдеді. Жалған дипломмен математика, қазақ тілі пәндерінен сабақ беріп келген «мұғалімдер» ұсталды», - дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Ауылда мұғалім болып қызмет атқарған күдікті жалған құжат жасату үшін қыруар қаражат жұмсапты. Облыста жалған құжатпен жұмыс істеген 12 «педагог» те екі жылдан астам уақыт сабақ берген.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары