20.10.2020, 05:19
Оқиғалар
Алматы облысында зейнеткерді тонаған қаскүнем ұсталды
Жәбірленушінің ұялы телефоны мен 17 мың теңге ақшасы қолды болған
Фото: vedtver.ru
Талдықорған қаласында адам тонау фактісі ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласының көшелерінің бірінде зейнеткер әйелге шабуыл жасалып, белгісіз біреу ашық түрде оның қол сөмкесін тартып әкеткен.
«Жәбірленушінің сөмкесінде ұялы телефоны, банк карточкалары мен 17 мың теңге сомасындағы ақшасы болған», - делінген ақпаратта.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Кербұлақ ауданының тұрғыны ұсталды, жәбірленуші оны бірден таныды және одан айғақ заттар алынды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды