$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2020, 08:45
Оқиғалар

Алматыда жалдамалы пәтерлерде қыз зорлау қылмысы көбейген

Қалада жыл басынан бері 25 қыз зорлау фактісі тіркелген

Алматыда жалдамалы пәтерлерде қыз зорлау қылмысы көбейген
Фото: ашық дереккөзден

Түнгі клубтар мен сауық-сайран орындарының жабылуына байланысты, Алматыдағы жалдамалы пәтерлерде қылмыс көбейіпті. Барлығы да қыз зорлаумен аяқталған екен, деп хабарлайды КТК.  

Бір ғана Алматыда жыл басынан бері 25 қыз зорлау фактісі тіркелген. «Бәрі де жалдамалы пәтерде болған», - дейді тәртіп сақшылары. 17 жігіттің кінәсі дәлелденіп, үкімі шығып қойған. Ал қалғаны тергеудің соңын күтіп, уақытша қамау абақтысында жатыр. Абырой болғанда, кәмелетке толмағандар бұл статистикада жоқ. «Зорлады» деп арызданғандар 20-35 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Полиция әйелдер жалдамалы пәтерлерге «өз келісімімен» барған дейді. Барлық жағдайда қос тарап та ішімдік қолданған. Тергеу кезінде қыз-келіншектердің көбі тек көңіл көтермек болғанын айтып ақталыпты. Бірақ бір қызығы, пәтер бір түнге қонып шығуға алынған. Жалдамалы пәтерге барып, соңында опық жеген жайттардың жиілеуіне байланысты тәртіп сақшылары қыз-келіншектерді сақ болуға шақырады.   

«Бейтаныс немесе жақсы танымайтын азаматпен жалдамалы пәтерге барудың қажеті жоқ. Бұл түсінікті жайт қой, жалдамалы пәтердегі оқиға немен аяқталатыны. Жалдамалы пәтерге көбінесе өз келісімімен барады. Бірақ өз түсіндірмелерінде жәбірленген тараптар «оқиғаның осылай өрбитінін білген жоқпын»  деп жазады», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Серіктес жаңалықтары