$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2020, 01:51
Оқиғалар

Шымкентте автобус балалы ананы қағып кетті

Ана мен бала ауруханаға жеткізілген

Шымкентте автобус балалы ананы қағып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағында  автобус бала мен жас ананы қағып кетті. Бір жастан асқан бала мен оның анасы шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнында жұмыс істеген полиция тиісті сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. Автобус тізгінінде болған жүргізуші заңға сәйкес жауапқа тартылмақ. 

«Жүргізуші жаяу жүргіншіні көрмей қалғанын айтты. Бұл жол көлік оқиғасы бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық тармағының  610 бабының 2 бөлігі бойынша хаттама түзілді. Бұл бап бойынша 9 ай автокөлік жүргізу құқығынан айрылып, немесе 40 АЕК айыппұл салынады», - деді Шымкент қаласы ПД жергілікту полиция қызметі басқармасының инспекторы Ғалымжан Ержігітов.

Серіктес жаңалықтары