15.10.2020, 02:20
Оқиғалар
ШҚО-да есірткі сатумен айналысқан фитнес жаттықтырушы ұсталды
Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: баспасөз қызметінен
Өскеменде полицейлер есірткі сатумен айналысқан фитнес жаттықтырушыны қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы «Қарасора» жедел және алдын алу шаралары барысында Өскеменде біраз уақыттан бері марихуана сатумен айналысқан фитнес орталықтың біріндегі жаттықтырушыны ұстады», - делінген хабарламада.
Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды