15.10.2020, 03:40
Оқиғалар
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
Фото: баспасөз қызметінен
Ақтауда Toyota Prado жол талғамайтын көлігі Toyota Camry жеңіл автокөлігімен соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жол апаты 14 қазанда 17-ықшамаудандағы Caspyi Towers тұрғын үй кешеніне жақын маңда болды. Toyota Prado жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі Toyota Camry машинасын соғып кетті», - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына Ақтау полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының жақын экипажы шықты. Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Көп оқылған
25.01.2026, 12:55
Шымкенттегі жаппай төбелес: тағы үш күдікті ұсталды
25.01.2026, 20:30
«Ықпалы бар кей адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым»: Серік Сәпиев даулы жағдайдың мәнін ашып айтты
25.01.2026, 22:31
Ыстанбұлда өзбекстандық әйелдің мәйіті қоқыс жәшігінен табылды
25.01.2026, 10:32
Ақмола облысында астыртын алтын цехы табылды
25.01.2026, 06:38
Қапшағайда мұз жарылып, балықшы ажалдан аман қалды