14.10.2020, 16:54
Оқиғалар
ШҚО-да оқу жылы басталғалы 62 оқушыдан коронавирус анықталды
COVID-19 вирусы анықталған 37 оқушы кезекші сыныптарда оқиды
Көрнекі фото: astana.gov.kz
Шығыс Қазақстан облысында 1 қыркүйектен 13 қазанға дейінгі аралықта 62 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде, 37 оқушы кезекші сыныптарда, қалған 25 оқушы қашықтан оқиды.
ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, вирус анықталған барлық мектептерде дезинфекция жүргізілген.
Аудандар мен қалалар бойынша:
- Риддер – 12 оқушы (1 қашықтан / 11 оффлайн);
- Алтай ауданы – 11 оқушы (2 қашықтан /9 оффлайн);
- Глубокое ауданы – 11 оқушы (7 қашықтан /4 оффлайн);
- Өскемен – 10 оқушы (6 қашықтан /4 оффлайн);
- Семей – 7 оқушы (6 қашықтан / 1 оффлайн);
- Көкпекті ауданы – 5 оқушы (3 қашықтан /2 оффлайн);
- Шемонаиха ауданы – 2 оқушы (0 қашықтан / 2 оффлайн);
- Курчатов – 2 оқушы (0 қашықтан / 2 оффлайн);
- Күршім ауданы – 1 оқушы (0 қашықтан / 1 оффлайн);
- Катонқарағай ауданы – 1 оқушы (0 қашықтан / 1 оффлайн) ауырған.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген